Ойладыңба???
Тым терең мына мендік сезімдерге
Үн-түнсіз жауап таппай қойғаныңда
Жасың ағып, жүрек сыздап езілгенде
Сағыныштан сен мені ойладыңба
Ойладыңба қалы қалай екен деп
Əлде нүкте қойыппа едің бөтен деп
Өз өзіме бағынбайды ет жүрек
Сендей жанды мəңгі сүйіп өтем деп
Ойладыңба ерік беріп көз жасқа
Өткенді ойлап қапаланып себепсіз
Неге маған сынақтардан озбасқа
Брақ əттең біз екі əлем бөлекпіз
Өміріңде ор болып терең қазылған
Ойладыңба қиын қыстау сəттерде
Өшпестей болып ізін салып жазылған
Есімің тұр жүрек деген дəптерде
Түн ортасы ұйқы қашып сенделіп
Жауап іздеп махабаттың алдында
Ойларыңа бір себепсіз мен келіп
Құштарлана мені есіңе алдыңба
Сабақ үсті шулы сынып ішінді
Еске түсіп өткен күннен естелік
Нем құрайлы қарағаның үшінде
Есіңе мені алыппедің ескеріп
Күн қызарып көңілсіз боп батқанда
Жалықтыңба мына өмірден өз басың
Тəтті ұйқыда алаңсыз ұйықтап жатқанда
Түсіңде көріп ағыппа еді көз жасың
Есіңе алып мен жайлы терең ойланып
Түсінгейсің жоқ болды менде басқа амал
Қарасам жаным менде сені ойға алып
Жүрегің сенің өзгелерге тас қамал
Орныма менің өзіңді қойғың келседе
Мендегі мұңды түсің мейлі түсінбе
Дүрсілдеп соққан тоқтап жүрек өлседе
Мəңгілікке тұрасың жүрек ішінді
c. Н.Б